Текст
024 жылдың 28 наурыз күні, "№2 ОМ" ЖББМ, 6-Г сыныбында "Сәлем Наурыз!" атты интерактивті викторина өткізілді. Викторинаны өткізу үшін түрлі-түсті боялған асықтар мен сандықша дайындалды. Балалар асықтардың түстеріне қарай таңдап отырып, сұраққа 10 секунд дайындалып, жауап берді. Сұрақтар Наурыз мейрамы, ұлттық киім, қазақша ойындарға, қазақ халқының тұрмысына және салт-дәстүрлеріне қатысты болды. Ойын-викторина балаларға қызықты болды.