Текст
2024 жылдың 24 сәуірінде «Атбасар қаласының №2 ЖББМ» КММ 5 «Е»сыныбында «Достық қамқорлық және көмекпен берік» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты - сынып ұжымын біріктіруге ықпал ету, коммуникативті және шығармашылық дағдыларды дамыту, достық қарым-қатынасты тәрбиелеу. Сынып сағаты «Достық әлем құтқарады» ұранымен өтті. Іс-шара барысында балалар достық туралы өлеңдер, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер оқыды. Викторинаға қатысып, нағыз дос қандай болу керектігі туралы айтты.