Текст
22 мамырда Атбасар қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы өтті. Бұл акцияны мектеп директоры Бекмаганбетова Шахарман Ерназиевнамен бірге «N2 ОШ» КММ ұстаздары да қолдап, атсалысты. Қоғам белсенділері мен белсенді жастар алдағы уақытта бұл акцияға қатысуға дайын екендіктерін жеткізді. Олар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы көшелер мен аулаларды абаттандыруға үлес қосып қана қоймай, қоғамды біріктіріп, ондағы ынтымақ рухын оятатынын атап өтті.