Текст
2024 жылғы 13 маусымда «Кокшетау» сарайында 2023-2024 оқу жылының «Алтын белгі» иегері Ақмола облысының мектеп түлектеріне арналған салтанатты мереке өтті. Ақмола облысының әкімі Ахметжанов М.М. 11 жыл бойы оқуда үздік нәтижелер мен жоғары жетістіктерге қол жеткізген оқушыларымыз Нуржан Муратов пен Дарья Рабатюговаға «Алтын белгі» төсбелгілері мен ақшалай сертификаттарды табыс етті. Түлектерімізді құттықтаймыз, күш-жігеріңізбен табысқа алғашқы қадам жасадыңыз, жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!