Текст
10-шілде күні орта буын оқушыларымен «Жаңылтпаштар» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: оқушыларға жаңылтпаш туралы әдеби білім беру. Бала тілінің жетілуіне, оралымды, анық сөйлеуіне, ана тілінің үн сүлулығын мінсіз меңгеруіне, шебер сөз саптауға баулу. Жаңылтпашпен жұмыс жасау арқылы баланың тілін дамыту. Жаңылтпаш - ауыз әдебиетінің балалардың тілін жаттықтыру мақсатындағы жанры. Сабақ барысында оқушылар жаңылтпаш туралы ақпарат алып, өздері білетін жаңылтпаштарымен бөлісті. Жаңа жаңылпаштармен танысып, оларды тез-тез айтуға машықтанды.