✏️Орта білім
📍Шалғайдағы елді мекендердегі шағын жинақталған мектептер эпидемиологиялық ахуал жақсы болған жағдайда оқуды дәстүрлі түрде бастайды.
📍Бастауыш сынып оқушылары үшін, ата-аналардың өтініші негізінде, қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады. Бір сыныпта бала саны 15-тен аспауы тиіс.
📍Кезекші сыныптарға өтініштер электронды түрде (сынып жетекшісі арқылы) қабылданады.
📍Қашықтан оқыту форматында – шамамен 23 мың бала, штаттық түрде ауылдарда 9 мыңнан астам оқушы білім алады деп күтілуде.
✏️Мектепке дейінгі ұйымдар
Ата-аналардың қалауы бойынша балалар кезекші топтарға қабылданады. Бұл топтарда бала саны 15-тен аспауы тиіс.
✏️Қосымша білім беру ұйымдары
Балалар ата-аналардың өтініші негізінде қашықтан немесе жеке тәртіппен ұйымдастырылады. Шағын топтардағы бала саны 5-тен аспауы тиіс.
✏️Арнайы білім беру ұйымдары
Ата-аналардың таңдауы бойынша арнайы онлайн кеңес беру немесе мамандардың жеке қабылдаулары ұйымдастырылады. Денсаулығында күрделі проблемалары бар балаларды қабылдау алдын ала жазылу тәртібімен жеке жүргізіледі.