2024 жылғы 23 Шілдеде 6 «Е» сыныптың ата-аналарымен Google Meet платформасы арқылы жиналыс өткізілді. Мақсаты: ата-аналардың жазғы кезеңдегі негізгі қауіпсіздік ережелерін білуін және өз баласы үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Ата-аналарға жазғы демалыс кезінде оқушылардың қауіпсіз мінез-құлық ережелері мен ата-аналардың жауапкершілігі туралы еске салды. Жазғы демалыс кезінде қоғамдық орындардағы, жол ережелерін сақтау туралы еске салды. Ата-аналардың оқушылардың жазғы демалысы мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастырудағы, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы маңызды рөлін атап өтті. Келесі сұрақтарды атап өтті:
1. Құқық бұзушылықтың алдын алу.
2. Жол қозғалысы ережелері бойынша нұсқаулық.
3. Судағы қауіпсіздік.
4. Балалардың терезеден құлауының алдын алу.
5. Күнделікті өмірде жарақаттанудың алдын алу (өткір заттармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы).
6. Өрт қауіпсіздігі.
7. Суицидтің алдын алу.
8. Интернет желісіндегі қауіпсіздік.