Текст
Бүгін 2024 жылдың 31 шілдесінде тіл мектебі өз жұмысын жалғастыруда. Тақырыбы: Менің бос уақытым. Балалар әріппен сөздер құрастырды, диаграмманы орындады, Wordwall бағдарламасы арқылы жұмыс істеді, сұрақтарға жауап берді. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап берді.Сабақ өте қызықты өтті. Сабақты қазақ тілі мұғалімі Г. А. Габдулина өткізді.