Текст
Тәуелсіздік және патриотизм құндылықтары "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2 қыркүйекте 9 " Г "сыныбында "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушылар Қазақстанның әнұранын орындап, "Менің Қазақстаным" сауалнамасына қатысып, астарлы әңгіме тыңдады.Сондай-ақ, "Шұғыл қызмет нөмірлері және Сенім телефондары" жеке қауіпсіздік сабағы өткізілді. Оқушылар бейнероликті көріп, рөлдік ойынға қатысты. Сабақ соңында мұғалім шұғыл қызмет нөмірлері бар карточкаларды таратты.