Текст
Бүгін 22.02.2023 ж. «№2 ЖББМ» КММ базасында 7 "А" сыныбының сынып жетекшісі Л. Уатхан "Әр күнге сыпайылық" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының негізгі мақсаты оқушылардың мәдени қарым-қатынастың негізгі этикалық нормалары мен дағдылары туралы түсініктерін қалыптастыру, айналадағы адамдарға сыпайы қарым-қатынастың маңыздылығын түсіну, игі істер жасауға деген ұмтылысты тәрбиелеу, өзін-өзі бағалауды дамыту болды. Оқушылар этикет ережелерінде өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсетті, сыпайылық әрқашан тәрбиенің көрсеткіші болды деген пікірлерін білдірді.