Текст
24- наурыз күні оқушылардың бос уақытын өткізу мақсатында 7 "в" сынып оқушылары арасында "Наурыз мейрамы" интерактивті викторинасы өтті. Балалар викторинаға өте белсенді қатысып,сұрақтарға қуана жауап берді. Олар "Наурыз мейрамы" тақырыбы бойынша білімдері мен ой- өрістерін кеңейтті, сондай- ақ осы мерекенің шығу тарихы, ұлттық тағамдар мен ұлттық ойындар туралы көп нәрсе білді. Оқушылар уақытты тиімді өткізді.