05.04.2023
8в-сыныпта "Жаман әдеттер" тақырыбында сынып сағаты өтті. Бұл басқа тақырыптар сияқты, қазіргі жасөспірім ортамен өте тығыз байланысты. Балаларға берілетін әртүрлі ақпарат оларға әрқашан дұрыс әсер ете бермейтін кездер болады. Осы тақырып бойынша сынып сағаттарын өткізу өзекті және балаларға темекі шегу мен алкогольдің адам ағзасына зиянды әсерін тағы бір рет еске салу артық болмайды.