Текст
7.04.2023 "№2 ЖББМ" КММ-де "Мектептегі терроризмге қарсы қауіпсіздік" тақырыбында жоспардан тыс педагогикалық кеңес өтті. Мұғалімдер терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелері бойынша НҚА-мен танысты. Мектеп директоры Ш. Е. Бекмаганбетова оқушылар арасында экстремизм белгілері анықталған жағдайда негізгі фактілер және түсініктер мен іс-қимыл алгоритмі туралы айтып берді, сондай-ақ мұғалімдерге терроризмге қарсы қауіпсіздік жөнінде жадынамалар таратылды.