14.08.2023
14.08.23 №2 мектебінде «Бөбек мектебі» өз жұмысын жалғастыруда. Бүгінгі сабақ «Менің көңіл-күйім» атты жағымды сергіту сәтінен басталды.
Сабақ барысында балалар сандар құрамы туралы білімдерін бекітті, заттардың топтарын салыстыруды үйренді.
Сөйлеуді, есте сақтауды, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған тапсырмаларды орындады.