№2 ЖББОМ-де «ҚТЖ» ҰК АҚ, АҚМОЛЫНА БӨЛІМІ қызметкерлерінің 7-8 сынып оқушыларымен кездесуі өтті.
Станция бастығының техникалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Мақсұтов Аян Саятұлы,
Еңбек қауіпсіздігі инженері Бутымбаев Даулет Дінмұхамедұлы,
Инженер-технолог Карапыш Александр,
Еңбекті қорғау инженері Ильчук Галина Петровна,
Еңбекті қорғау жөніндегі инженер – Тарасенко А.В.,
ВЖДО- Лебедев Олег,
Желілік полиция бөлімі – Есенов Дамир Русланұлы оқушыларымен теміржол бойында өзін-өзі ұстау ережелері туралы әңгіме өткізді.
Әңгіменің мақсаты – теміржол көлігі нысандарындағы балалардың мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және балалардың жарақаттануының алдын алу.
Кәмелетке толмағандардың жарақат алуының негізгі себебі, инспекторлар атап өткендей, теміржол көлігі нысандарында жеке қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу болып табылады.